Архив новостей по годам
Urban Forum Kazakhstan
Застройка ипподрома в Шымкенте - заявление Urban Forum Kazakhstan
18.09.2020
Urban Forum Kazakhstan – Шымкент қаласындағы ипподром аумағында ауқымды құрылысқа қарсы шыққан қала тұрғындарын қолдайды. Атап айтқан құрылыс аймағы, қаланың жасыл белдеуіне, яғни ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып келетін дендропаркпен хайуанаттар бағына жанасып салынайын деп тұр. Бұл ауданда ондаған биік ғимараттардың құрылысы, саябақ аймақтарының бүкіл экожүйесін бұзады, сонымен қоса қала үшін айтулы табиғи доминанта болып келетін Бәйдібек би төбесімен бәсекелесе отырып, қаланың бірегейлігіне қайтымсыз әсер етеді.

Құрылыс компаниясының 12,000 тұрғынға арналған көп қабатты үйлерді осындай бос аймақта салуға деген қызығушылығы түсінікті. Әкімдіктің қолдауымен бір коммуналдық меншік иесінен жер учаскесін сатып алу, кәзіргі жеке сектордан тұратын, қала орталығына жақын аймақтарды қайта жаңарту жұмысынан әлдеқайда оңай да тиімді. Алайда осындай "оңайшылық" қала аумағын зиянды түрде үлкейтіп, тығыздығын азайтады. Осындай жағдай Шымкенттің "қала" деген мәніне теріс әсер етеді.

Ірі инвестицияларға қарамастан, ұзақ мерзімді перспективада, қаланың жаңа ауданы қала жолдары мен қоғамдық көлікке ауыр жүктеме болып келеді. Сондай-ақ ауданды және барлық байланысты инфрақұрылымды салу кезінде де, одан кейін де пайда болатын әртүрлі экологиялық шығынның бағасы тым қымбат болмақ.

Қаланың солтүстік шекарасына жақын жерде осындай гигант үйлерді салу, транзитке бағытталған даму принциптеріне қайшы келеді. Ұсынылғанға ұқсас ірі тұрғын аудандарды тиісті жүктемелерге төтеп бере алатын және барлық бағыттар бойынша адамдардың үлкен ағынын таратуға қабілетті магистральдық және магистральдық емес қоғамдық көлік түрлерінің жеткілікті маршруттары бар, көлік-ауысып отыру тораптарының жанында орналастыру керек.
Қаланың басқа бөліктерімен қосатын тұрақты көлік шешімдерінсіз, жаңа халық тығыз орналасқан ауданды салу, көлік коллапсына әкеледі, өйткені тұрғындардың жеке автокөлікпен немесе таксимен жүруіне балама болмайды. Жолдың жай ғана кеңеюі жаңа ауданның көлікке қолжетімділік мәселесін шешпейді, бірақ жаяу жүргіншілер жолын айтарлықтай нашарлатады және аудандар арасындағы қалыптасқан байланыстарды бұзады. Мәжбүрлі автомобильдендіру жаңа автомагистральдарды төсеуді талап етуі мүмкін, өйткені Бәйдібек би даңғылы қазірдің өзінде, Shymkent City пайдалануға берілгенге дейін шамадан тыс жүктелген. Бұл өз кезегінде аймақтың экожүйесі үшін қосымша стресс болады.

Біздің дауысымыз рекреациялық-саябақ аймағын сақтауды жақтайтын белсенділердің, сәулетшілердің, бұрынғы басшылар мен Шымкент тұрғындарының дауыстарына қосылады. Қаланың бұл ауданы айтарлықтай ойластырылған, тұрақты, экологиялық таза және контекст тұрғысынан нәзік шешімдерді қажет етеді.

Бұл жағдай Қазақстан қалаларында қала құрылысы және сәулет шешімдерін қабылдау процесінің ашықтығына қатысты Urban Forum Kazakhstan талаптарының өзектілігін кезекті рет көрсетеді. 2017 жылдан бастап біз жаңа құрылыстың кез келген жобалары, алдынала талдаудан өтіп, жұртшылықпен талқылауға шығарылуына қол жеткізгіміз келеді.

Сондай-ақ қалалардың бас жоспарлары әзірлеу және түзету кезеңінде ақпараттың толық ашықтығы қажеттігін атап көрсетеміз. Бұл жұмысқа міндетті түрде қоғамдық кеңестерді және тәуелсіз сарапшыларды тарту керек. Осыны Қазақстанның орнықты даму мақсаттары шеңберіндегі халықаралық міндеттемелері, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынымдары талап етеді.

Urban Forum Kazakhstan поддерживает жителей Шымкента, выступающих против масштабной застройки участка действующего ипподрома, который непосредственно примыкает к зеленому поясу города, включая охраняемые природные территории — Дендропарк, зоопарк и не имеющий охранного статуса, но знаковый для города холм Байдибек би. Строительство десятков высотных зданий в этом районе нарушит всю экосистему парковых зон и окажет необратимое воздействие на идентичность города, конкурируя с природной доминантой холма Байдибек би и монумента на нем.

Интерес застройщика к тому, чтобы застроить участок многоэтажными домами на 12,000 жителей понятен — выкуп земельного участка у одного коммунального собственника при поддержке акимата значительно удешевляет и ускоряет этот этап подготовки к застройке, в отличие от множества других районов, занятых частным сектором или пустующих, в том числе тех, что расположены ближе к историческому центру Шымкента. Однако такой "легкий" путь способствует расползанию города, и разрывает городскую ткань.

Несмотря на крупные инвестиции, в долгосрочной перспективе городу придется потратить аналогичную, если не большую сумму для того, чтобы связать новый район магистральным видом общественного транспорта с другими центрами притяжения города, а также компенсировать разные экологические издержки, которые возникнут как в ходе, так и после строительства района и всей сопутствующей инфраструктуры.
Строительство ЖК-гиганта рядом с северной границей города нежелательно, так как это противоречит принципам транзитно-ориентированного развития. Крупные жилые районы, подобные предлагаемому, следует располагать вблизи транспортно-пересадочных узлов, которые способны выдержать соответствующую нагрузку и имеют достаточное количество маршрутов магистральных и немагистральных видов общественного транспорта, способных распределить огромный поток людей по всем направлениям.

Строительство нового густонаселенного района без устойчивых транспортных решений для его соединения с другими частями города приведет к транспортному коллапсу, так как у жителей не будет альтернативы передвижению на частном автомобиле или такси. Простое расширение проезжей части не решит вопросы транспортной доступности нового района, но значительно ухудшит имеющиеся пешеходные соединения и разорвет сложившиеся связи между районами. Вынужденная автомобилизация, возможно, потребует прокладки новых автомагистралей, поскольку пр.Байдибек би перегружен уже сейчас, задолго до ввода в эксплуатацию Shymkent City. Это, в свою очередь, станет дополнительным стрессом для экосистемы района.

Наш голос присоединяется к голосам активистов, архитекторов, бывших руководителей и жителей Шымкента, выступающих за сохранение рекреационно-парковой зоны. Для этого района города требуется значительно более продуманные — устойчивые, экологичные и деликатные с точки зрения имеющегося контекста — решения.

Этот случай в очередной раз указывает на актуальность требований Urban Forum Kazakhstan в отношении прозрачности процесса принятия градостроительных и архитектурных решений в казахстанских городах. С 2017 года мы добиваемся, чтобы любые проекты новой застройки проходили предпроектный анализ и выносились на обсуждение с общественностью.

Мы также подчеркиваем необходимость полной открытости информации о генеральных планах городов на этапе их разработки и корректировки. Эти этапы обязательно должны включать общественные консультации и вовлекать независимых экспертов. Этого требуют международные обязательства Казахстана в рамках целей устойчивого развития, а также рекомендации ОЭСР.